Павлодар облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы тағайындалды

Павлодар облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы тағайындалды
Фото: ТЖД

Бұған дейін ол басшының міндетін атқарушы болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы ретінде департамент бастығының бұйрығымен подполковник Қыдыржан Наскенов тағайындалды. 

Қыдыржан Наскенов 1977 жылы Павлодар облысы Лебяжі ауданы, Черное ауылында дүниеге келген. 1997 жылы ҚР ішкі істер министірлігінің Павлодар техникалық колледжін, 2006 жылы «Қайнар» университетін, сондай-ақ 2017 жылы Ресей төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғау академиясын бітірген. Павлодар облысының МӨҚҚ және Қазақстан Республикасы ТЖМ 28237, 52959 азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінде қызмет атқарған.

Құтқару взводының командирінен бастап бөлім командирінің орынбасарына дейінгі барлық сатылардан өтті, бұдан әрі Теміртау қаласы ТЖ басқармасы бастығының орынбасары, Қарағанды облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының орынбасары қызметтерін атқарды.

Қызмет барысында ол 3,2,1 дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін», «Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюдағы үздік жетістіктері үшін», «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін», «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 20 жыл» және «Ресей ТЖМ азаматтық қорғау Академиясына 20 жыл» медалімен марапатталды.

Айта кету керек, жаңа бастық бұған дейін Павлодар облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының міндетін атқарушы болып қызмет етті.