Екібастұзда екі колледж студентін ұрып-соқты

Екібастұзда екі колледж студентін ұрып-соқты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

29 қыркүйекте Екібастұз қаласында екі кәмелетке толмаған баланы ұрып-соқты. Әлеуметтік желідегі парақшалардың бірінде жарияланған ақпаратқа сәйкес оқиға  №21 мектептің маңында орын алды.

– Колледж студенттері Екібастұз қаласының ауруханасына түрлі жарақаттармен жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Құқық қорғау органдары тергеу іс-шараларын жүргізуде,– деді облыстық білім беру басқармасында.

Екі кәмелетке толмағанның денсаулығына қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлім етті. Күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.