Павлодарлық тұрғын терезеден қоқыс лақтырғаны үшін жазаланды

Павлодарлық тұрғын терезеден қоқыс лақтырғаны үшін жазаланды
Фото:pixabay.com

Пәтер иесі балконды жинап жүрген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшыларғаКатаев көшесіндегі үйдің төртінші қабатынан қоқыс салынған пакетті лақтырып жіберген көршісінің қылығы туралы куәгер хабарлады.

–  Тәртіп сақшыларымен сөйлескенде пәтер иесі балконды жинау кезінде қоқыс байқаусызда сыртқа құлап кеткенін айтты. Құқық бұзушы оны жинамақшы болған, алайда ол туралы ұмытып кеткен, – деді департаментте.

Құқық бұзушымен профилактикалық әңгіме жүргізілді, сондай-ақ әкімшілік материал жасалды. Егер жағдай қайталанса, пәтер иесіне 20 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуге тура келеді, ал бұл – 73 840 теңге.

Жыл басынан бері Павлодар облысының 5 мыңнан астам тұрғыны абаттандыру ережелерін бұзып,жауапкершілікке тартылды. Полиция қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарынан қоршаған ортаға құрметпен қарауды және қоқысты арнайы контейнерлерге тастауды сұрайды.