Павлодарлық велоспортшылар Азия чемпионатында алтын алды

Павлодарлық велоспортшылар Азия чемпионатында алтын алды

Тайланд елінің Районгта қаласында тас жолда велоспорттан Азия чемпионаты өтуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жарыстың алғашқы күні Қазақстан құрамасы командалық аралас эстафетада алтын медаль жеңіп алды. 

Павлодар облыстық жоғарғы спорттық шеберлік мектебінің мәлімдеуінше, құрама сапында павлодарлық спортшылар Рината Сұлтанова мен Дмитрий Груздев сынға түсті. 

Велоспортшылар 60 км қашықтықты 1 сағат 13 минут 27.239 секундта бағындырып, үздік нәтиже көрсетті. 

Айта кетейік, тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионаты 13 маусымға дейін жалғасады.