Павлодарлық палуан республикалық жарыстан жүлделі оралды

Павлодарлық палуан республикалық жарыстан жүлделі оралды
Фото: Екібастұз қаласының №3 Балалар жасөспірімдер спорт мектебі

Жарыс Жезқазған қаласында ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz

Еркін күрестен КСРО-ның спорт шебері Т.Нығызбаевты еске алуға арналған республикалық турнир  2008-2010 жылы туған жасөспірімдер арасында өтті.

Аталмыш жарыстың қорытындысы бойынша Павлодар облысының намысын қорғап барған спортшылардың ішінде Данил Степанюк 68 келі салмақ дәрежесінде үшінші орынға ие болды.

Еске сала кетейік, Баянауылдық дзюдошылар Семейде өткен турнирде өнер көрсеткен болатын. Нәтижесінде олар облыс қанжығасына төрт қола, екі күміс, екі алтын жүлде салды.