Қазақстандық спортшы Паралимпиада ойындарының күміс жүлдесін еншіледі

Қазақстандық спортшы Паралимпиада ойындарының күміс жүлдесін еншіледі
Фото: @csp_parasport.kz

Бұл Қазақстан үшін алғашқы медаль, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, қазақстандық пара спортшы Еркін Ғаббасов Паралимпиада ойындарының күміс жүлдесіне қол жеткізді. Финалда R1 классында винтовкамен 10 метрге пара нысана көздеуден сынға түскен отандасымыз 247.7 ұпай жинап, күміс жүлде жеңіп алды.

Алтын медальды 249.4 ұпай жинаған Корея спортшысы Парк Дж, ал қола медаль 226 ұпай жинаған Дания елінің спортшысы еншіледі.