Павлодарлық жедел жәрдем қызметіне Канадада жасалған анализатор табысталды

Павлодарлық  жедел жәрдем қызметіне Канадада жасалған анализатор табысталды
Фото: Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясы

Құны – 5 миллион теңгеге жуық, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Облыстық жедел жәрдем станциясының хабарлауынша, мұндай сыйлықты Халық банкі облыстық филиалының өкілдері тапсырды. Портативті экспресс анализатор жедел жәрдем станциясы қызметкерлеріне қандағы газдарды, электролиттер мен метаболиттерді  жедел анықтауға көмектеседі. 

Халық банкі мен Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясы арасында ұзақ жылдар бойы ынтымақтастық орнатылған. Сондықтан банктің аймақтық өкілдігі серіктестерін кәсіби мерекелері – Медицина қызметкері күні қарсаңында атап өтуді ұйғарды. «Халық банкі» облыстық филиалының басшысы Ернар Айтжанов 103 қызмет көрсету тобына құны 5 миллион теңгеге жуықтайтын арнайы техниканы табыс етті.

Канадада жасалған «Эпок» портативті экспресс анализаторы медициналық авиация бөліміне арналған. Ол ауыр жағдайларды жылдам диагностикалау үшін өте қажет және «тікелей науқастың төсегінде» сәтті қолданылады. Бұл құрылғының бірегейлігі – кірістірілген биосенсорлық чипі және сымсыз деректерді беруі бар өлшеу картасының болуында.

Станциямызда біздің неонатологиялық бригадалар өз жұмысында жиі қолданатын анализатор бар, – деп атап өтті жедел жәрдем станциясының басшысы Қанадан Ахметжанов. – Медициналық авиация қызметкерлері үшін пациенттердің өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төнген ауыр жағдайларда жоғары сапалы қан анализін жылдам өткізу өте маңызды. Ауруға қарамастан, медицина қызметкерлері науқасқа қандай ем қажет екенін білу үшін қандағы газдар мен электролиттердегі ауытқуларды анықтауы керек. Осылайша, Халық банкінің қолдауының арқасында біз қызметкерлеріміздің тиімділігін арттыра аламыз.

Еске сала кетейік, ресми түрде Қазақстанда Медицина қызметкері күні маусым айының үшінші жексенбісінде тойланады. Биыл бұл мереке маусымның 16-сына сәйкес келеді.