Екібастұз перзентханасы жылуға жарымай отыр

Екібастұз перзентханасы жылуға жарымай отыр
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Кеншілер қаласында жүкті әйел түсік қаупімен қалалық перзентханаға түскен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Палатаға орналасқан тұрғын аурухананың жағдайына көңілі толмай, Instagram әлеуметтік желісінде жазба жариялаған.

– ... Күрделі жөндеуден өткен жаңа ғимаратта жылу жоқ... Әр палатада екі жылытқыш тұр. Жаңа терезелерден жел соғып тұр. Жаңа пластик есіктерінің құлыптары жаман. Сонымен Павлодарға баруға мәжбүр болдым, – деп жазды әйел.

Екібастұз қалалық ауруханасының баспасөз қызметі аталған шағымға жауап беріп, палаталардағы температураның төмен екенін жоққа шығарды.

– Гинекология бөліміндегі жылу режимі туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. 4 желтоқсан күні сағат 16:00-дегі жағдай бойынша палаталарда ауа температурасы 21-24 градусты, ал дәліздер мен жалпы пайдалану орындарында – 19-20 градус. Бұл қабылданған санитарлық нормаларға сәйкес келеді, – деп жауап берді баспасөз қызметінде.

Олардың айтуынша, перзентхана ғимаратындағы ауа температурасы күн сайын бақыланады.