Павлодар облысында қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай алаңдатарлық
Ауру расталған науқастардың саны күннен күнге көбейіп келеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, 1 желтоқсандағы жағдай бойынша облыста қызылшаның расталған 245 жағдайы тіркелді. Бұл өткен аптаға қарағанда 59 жағдайға көп.
Қазан айынан бастап сырқаттанушылықтың айтарлықтай өсуі байқалады.
– Өңірдегі сырқаттанушылық Павлодар қаласында – 75 жағдай, Ақсу қаласында – 45, Баянауыл ауданында – 7, Тереңкөл және Железин аудандарында – 2 жағдайдан, Ақтоғай, Май, Павлодар, Успен, Шарбақты аудандарында – 1 жағдайдан тіркелді,– деді департаментте.
Қазақстандағы қызылшаға қатысты қолайсыз эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін 6 қарашадан бастап 6 айдан 10 айға 29 күндік, 2 жастан 4 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда, қосымша жаппай иммундау басталды.
Тәжірибе көрсеткендей, жалғыз тиімді алдын алу шарасы вакцинация болып табылады. Қызылшаның одан әрі таралуын болдырмау үшін балаларға қосымша иммундау енгізілуде.
Айта кетейік, қызылша – көмейдің тарылуы, қызылша энцефалиті (мидың қабынуы), менингит (ми қабығының қабынуы), пневмония (өкпенің қабынуы) сияқты ауыр асқынуларды тудыруы мүмкін өте жұқпалы ауру. Кез келген асқыну науқастың мүгедек болуына немесе өліміне әкелуі мүмкін.
Эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру және қызылшамен сырқаттанушылықты азайту халықты қызылшаға қарсы екпемен уақтылы және толық қамтуға және ұжымдық иммунитетті, әсіресе 5 жасқа дейінгі балалар арасында құруға байланысты болады.
Эпидемиологтар балаларға уақтылы екпе жасап, және қызылшаға қарсы қосымша екпе алуға шақырады.