Тікелей эфирде балағат сөз айтқан павлодарлыққа айыппұл салынды
Ұсақ бұзақылық ТikToк әлеуметтік желісіне мониторинг жасау кезінде анықталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, мониторинг барысында полиция Новоямышево ауылының тұрғынының тікелей эфирге шығу фактісін анықтады, онда ол дөрекі және әдепсіз сөздерді қолданған.
– Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 25 жастағы құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Материал сотта қаралды, қаулы бойынша ауыл тұрғыны 10 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деді Павлодар ауданы полиция бөлімінің бастығы Дулат Төкенов.
Жылдың басынан бастап Павлодар полицейлері 140-қа жуық ұсақ бұзақылық фактілерінің жолын кесті, онда өңір тұрғындары заңға немқұрайлы қарады, қоғамдық тәртіп пен басқа азаматтардың тыныштығын бұзды.