Павлодарда Президенттің нұсқауларын іске асыру мәселелері талқыланды

Павлодарда Президенттің нұсқауларын іске асыру мәселелері талқыланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде мәжіліс өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде Асхат Жұмағалидің төрағалығымен жеке құрамның қатысуымен жедел мәжіліс өтті.

–    Мемлекет басшысының, оның ішінде «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту» қорытынды сұхбатында қозғалған тапсырмалар мен нұсқауларды іске асыру мәселелері талқыланды, – деп ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өңірлік департаментінің басшысы Медет Амралинов Instagram парақшасында жариялады.

Спикердің айтуынша, Мемлекет басшысы атап өткендей, жемқорлыққа қарсы жүйелі күрес бойынша жұмысты күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бұл бағытта агенттіктің түрлі салалардағы жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою жөніндегі қызметі маңызды құрамдас болып қала береді.

Мәжілісте білім және ғылым, жол құрылысы, спорт, денсаулық сақтау салаларындағы талдау нәтижелері талқыланды. Тиісті құрылымдық және аумақтық бөлімшелерге алдағы жылға талдау жүргізу жоспарларын қалыптастыру және оларды сапалы іске асыру туралы тапсырмалар берілді.

–    Мәселен, агенттіктің алдағы жоспарларында туризм саласын талдау бар. Заңның үстемдігін және жемқорлық әрекеттері үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету басым бағыт болып қала береді, – деді ол.

Спикер Президенттің өз сұхбатында атап өткен объективті шешімдер қабылдау қажеттілігіне байланысты жүргізіліп жатқан сотқа дейінгі тергеу барысында заңдылық пен әділдік қағидаттарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жалғасатыны туралы да жеткізді.

Айта кетейік, өткен жылы орган қылмыстық процесс шеңберінде заңсыз ұстау, тінту, алу, іс материалдарын бұрмалау фактілеріне жол бермеді. 2022 жылдан бастап агенттік 1,12 трлн теңгенің қайтарылуын қамтамасыз етті.