Павлодарда ҮЕҰ өкілдері мемлекеттік органдардың өкілдеріне сұрақтар қоя алады

Павлодарда ҮЕҰ өкілдері мемлекеттік органдардың өкілдеріне сұрақтар қоя алады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Павлодарда ҮЕҰ өкілдері мемлекеттік органдардың өкілдеріне сұрақтар қоя алады

Кездесу Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күнін мерекелеу аясында өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мәліметінше, 9 ақпан күні сағат 10:00-12:00 аралығында Достық үйінің мәжіліс залында облыстың үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері үшін «Ашық есік күні» өтеді. 

Мемлекеттік органдар тізімі:

  1. Облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасы;
  2. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы; 
  3. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы;
  4. Облыстық білім беру басқармасы;
  5. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы;
  6. Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы;
  7. Облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы;
  8. Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы;
  9. Облыстық еңбек басқармасы;
  10. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы;
  11. Облыстық қаржы басқармасы;
  12. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы;
  13. Облыстық жер қатынастары басқармасы;
  14. Облыстық дін істері басқармасы;
  15. Облыстық ІІД;
  16. Облыстық «Атамекен» ҰКП филиалы;
  17. Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті;
  18. Павлодар облысының Әділет департаменті.

Достық үйінің мекенжайы: Мәшһүр- Жүсіп көшесі, 35/1.