Қазақстан нысана көздеуден әлем чемпионатында үздік үштікке енді

Қазақстан нысана көздеуден әлем чемпионатында үздік үштікке енді
Фото:pixabay.com/Ben_Kerckx

Команда құрамында Александра Ле, Елизавета Безрукова және Арина Малиновская өнер көрсетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Нысана көздеуден Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатында винтовка және тапаншадан 50 метр қашықтыққа үш қалыпта ату бойынша командалық есепте қола медаль жеңіп алды.

Әлем чемпионаты Халықаралық нысана көздеу федерациясының (ISSF) ұйымдастыруымен Мысырдың Каир қаласында өтіп жатыр. Жарыс 18 қарашаға дейін жалғасады.

Биылғы әлемдік додаға 71 елден 697 спортшы қатысуда. Қазақстан құрамасы сапында ұлттық рейтинг пен республикалық жарыстардың қорытындысы бойынша іріктелген елдің ең үздік 15 мергені сынға түсіп жатыр.