Павлодарлықтар Абылай ханның мұрасымен танысады

Павлодарлықтар Абылай ханның мұрасымен танысады
Фото: Абылай хан резиденциясы музей кешенінен алынды

Ауқымды шара өңірде алғаш рет ұйымдастырылуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының мәлімдеуінше, Солтүстік Қазақстан облысы «Абылай хан резиденциясы музей кешенінің» ұйымдастыруымен «Абылай және оның заманы» атты көшпелі көрме өтеді.

«Абылай хан резиденциясы музей кешенінде» ұлы ханның заманына қатысты көптеген тарихи жәдігерлер сақталған. Азаттық күрестің жалынды басшысы, қазаққа ұлы хан боп өткен Абылай ханның мұралары Ертістің Павлодар өңірінде алғаш рет таныстырылмақ, - делінген хабарламада.

Көрмеде Абылай хан резиденциясының макеті, Абылайдың мөр сақинасы, зульфикар қылышы, қазақ батырларының сауыт-сайманы мен семсер, найза, шоқпар, қылыш, айбалта, күрзі, акинак, сирақты мылтық сияқты соғыс құралдары, сол кезеңдегі дипломатиялық хаттар мен архивтік құжаттардың көшірмелері және тағы да басқа көптеген жәдігерлер ұсынылады.

Айта кетелік, көшпелі көрме, 15 сәуір, сағат 11.00 -де Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде өтеді.