Павлодарлықтар ауа райына қарамастан дауыс беруге асығуда (ФОТО)
Күн райының қолайсыздығына қарамастан, қала тұрғындары өздерінің азаматтық парызын өтеуге белсенді қатысуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бүгін Қазақстанда ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттарға депутаттардың кезектен тыс сайлауы өтуде.
Павлодар облысында таңғы жетіден бастап 523 сайлау учаскесі іске қосылды. Олардың жүзден астамы облыс орталығында орналасқан.
Сайлау учаскелері сағат 20:00-ге дейін ашық болады. Облыста сайлауда дауыс беруге құқығы бар 512 200 кәмелетке толған тұрғын бар.
Синоптиктер күндіз сынап бағанасы 0...-2 °C дейін төмендейтінін, облыстың басым бөлігінде қар жауып, солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында боран мен көктайғақ күтілетінін хабарлаған болатын. Желдің жылдамдығы 9-14, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрді құрайды.