Ертіс ауданының жас педагогы республикалық жыр мүшәйрасында топ жарды
Шара мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына орай ұйымдастырылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қызылорда облысында өткен "Тәуелсіздік жалаугері - Жүргенов " атты республикалық жыр мүшәйрасына еліміздің барлық аймағынан 44 ақын қатысып, 13 ақын іріктеу кезеңіне өткен. Таңдаулылар қатарынан үздіктер сапынан орын алып, жүлделі бірінші орынды қанжығалаған ақын Ертіс ауданы "Балалар шығармашылық және бос уақытты қамту орталығының" қосымша білім беру педагогы Нарқұлан Райханұлы.
- Байқау шарты бойынша 2 тақырыпта жазылған өлең жіберу керек болды. Оның бірнішісі –Темірбек Жүргеновтың 125 жылдығына арнау өлең болса, екіншісі –Жаңа Қазақстанның бет-бейнесін ашатын туынды болуы керек еді. Қазылар алқасы өлеңдердің ұйқасына, мәні мен мағынасына қарап бағалағанын айтты, - дейді жеңімпаз.
Нарқұлан Райханұлына ұйымдастырушылар 500 мың теңгенің сертификатын табыстаған.