Павлодарлықтар Президенттік тесттерде жиырмаға жуық алтын медаль жеңіп алды

Павлодарлықтар Президенттік тесттерде жиырмаға жуық алтын медаль жеңіп алды
Фото: @buqaralyq_sport_pvl

Өңір құрамасы ел бойынша алтыншы орынға тұрақтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Астанада өткен халықтың дене даярлығын бағалауға арналған Президенттік тесттерде Павлодар облысының бұқаралық спортты дамыту спорт клубының өкілдері табысты өнер көрсетті.

Жекелеген сайыстарда өңір спортшылары 17 алтын, 13 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.

Алтын жүлдені Темір Өміржан (100 метрге жүгіру), Василиса Луцишина (орнынан ұзындыққа секіру), Милена Косогор (1 минутта денені көтеру), София Сасина (орнынан ұзындыққа секіру) және Алена Григорьева (30 метрге жүгіру) иеленді.

Абсолюттік есепте Алена Григорьева мен Василиса Луцишина чемпион атанды. Темір Өміржан күміс, ал Назигуль Алипова қола жүлдеге ие болды.

Жалпыкомандалық есепте өңір құрамасы елдің 17 өңірі арасында алтыншы орынға тұрақтап, жоғары дайындық деңгейін көрсетті.