Павлодарлықтар республикалық сайыста көзге түсті

Павлодарлықтар республикалық сайыста көзге түсті
Фото: АОТДТО

Оқушылар асық пен баскетболдан жүлделі орындарды иеленді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығы баспасөз қызметінің мәліметінше, Семей қаласында 5-6-сыныптар арасында қыздар арасында «бес асықтан» Ұлттық Мектеп лигасының республикалық кезеңі аяқталды. Жарысқа 17 аймақтақтардан келген командалар қатысты. Облыс атынан облыстық кезеңнің жеңімпаздары Павлодар қаласының №40 ЖОББМ командасы қатысты. Үш күндік жарыс қорытындысы бойынша құрама командасы үшінші орынды жеңіп алды.

Баскетболдан өткен турнирде өңір намысын облыстық кезеңнің жеңімпаздары Ақсу қаласының мектеп-лицей командасы қатысты. Алты күндік жарыс қорытындысы бойынша Ақсу қаласының мектеп-лицей командасы 17 ұжымды озып өтіп, екінші орын жеңіп алды.