Павлодарлықтар қауын күнін атап өтті (ВИДЕО)
Қала тұрғындары жемістердің дәмін татып қана қоймай, олармен түрлі ойындар ойнауға мүмкіндік алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Он жыл бұрын облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамына өзбек "Келажақ авлод" және тәжік "ситорай сомон" этномәдени бірлестіктері кірді. Екі халық та бай мәдениетімен танымал. Омар Хайям, Авиценна, Фирдоуси, Ахмад Самани сияқты ұлы ақындарды, философтарды, емшілерді еске түсіру жеткілікті. Сондай-ақ қос этнос та түрлі мерекелерге бай. Тамыз айында Тәжікстанда Шығыс фермерлерінің мерекесі қауын күнін атап өтеді.
Қалалық саябаққа келген мереке қонақтары қауынның дәмін татып қана қоймай, сонымен қатар қауындар снаряд ретінде қызмет еткен көңілді жарыстарға қатысуға мүмкіндік алды. Новосібір университетінің студенті Сафарали Раупов 10 келі қарбызды 80 рет көтерді.
Сахнада тәжік орталығының "Лола" би ұжымы, өзбек орталығының "Яшлик" вокалдық тобы өнер көрсетті. Көрермендер сондай – ақ "Келин салом" рәсімін тамашалауға мүмкіндік алды. Онда басты кейіпкер алтынмен кестеленген ұлттық киім киген қалыңдық болды.
- Дәстүр бойынша әр іс – шараға біз палау таратамыз, - деді "Келажақ авлод" басшысы Ұлықбек Ахмедов. - Бүгін қалалық саябаққа келген қонақтарымызға 250 табақ дайындалып, таратылды.
Павлодар облысында 1800-ге жуық өзбек тұрады, оның 70 – і ЭМҰ белсенді мүшелері. Солардың қатарында Жасұр Сайдығаниев, Ділдар Қабдрашитоватар да бар. Бойжеткен өзбек орталығына төртінші сыныпта келіп, университетті бітіріп, "Яшлик" тобының вокалисі атанды.
Екі орталық Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастыратын барлық іс-шараларға белсенді қатысады. Енді олар Конституция күніне тамаша сый әзірлеуде.
Айта кетелік, Достық үйінде 24 этномәдени бірлестік орналасқан. Өңір тұрғындарын өз мәдениетімен таныстыруға жыл сайынғы "бір шаңырақ астында"фестивалі мүмкіндік береді. Ол маусым айында "Қымыз мұрындық" мерекесінен басталып, тамыз айында аяқталады.
Фото: Роза Мұстафина.
Посмотреть эту публикацию в Instagram