Павлодар облысында ауыл шаруашылығы жануарларын әкетуге тыйым салынды
Алты ай мерзімге сандық шектеулер енгізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті Қазақстан Республикасының аумағынан ауыл шаруашылығы жануарларын әкетуге алты ай мерзімге сандық шектеулер енгізілгенін хабарлайды.
2024 жылдың 11 қазанынан бастап 2025 жылдың 11 сәуіріне дейін алты ай мерзімге Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне 85 000 бас 12 айдан асқан бұқашық мөлшерінде тірі ірі қара малды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 0102, 120 000 (жүз жиырма мың) бас алты айдан асқан еркек тоқты мөлшерінде тірі қой және ешкілерді (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 0104) әкетуге сандық шектеулер (квоталар) енгізілді (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 11 қазандағы №348 бұйрығы).
Айта кетейік, толығырақ ақпаратты Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті және байланыс-орталығы басқармасынан білуге болады.