Павлодарлықтар қылмыстар туралы жасырын түрде хабарлай алады
Асайын Байханов екі маңызды байланыс арнасымен бөлісті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Өңір басшысы өзінің telegram-арнасында мәлімдегендей, облыстық прокуратура және облыстық полиция департаменті әзірлеген екі қосымша бар.
– «Halyk Tumar» мобильді қосымшасы түрлі бұзушылықтарға «нөлдік» төзімділікті қалыптастыру үшін әзірленді. Ал «Көлеңкелі батыр» telegram-боты арқылы облыс тұрғындары есірткі заттарын салу, дайындау орындары және олардың жарнамасы, оның ішінде заңсыз контент туралы ақпаратты жасырын түрде хабарлай алады, – деп жазды ол әлеуметтік желіде.
Асайын Байханов азаматтардан немқұрайлы қарамауды, азаматтық ұстанымдарды белсенді түрде көрсетуді және құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлауды сұрайды.