Павлодарлықтарға жеңілдікті несие алуға көмектеседі
Қаржылық мәселелерді шешуге арналған оқыту курсы тегін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«AMANAT» партиясы азаматтарға қаржылық қиындықтарды шешуге және тұрақтылыққа қол жеткізуге арналған «Қарызсыз қоғам» жобасы бойынша тегін оқыту курсының басталғанын жариялады. Бұл бағдарлама несиелік қарызы бар немесе жеңілдікті несиелер арқылы бизнесін дамытуды жоспарлап жүрген азаматтарға арналған.
– Бағдарламаға қатысушылар қарыздардан құтылу және қаржылық жағдайларын жақсарту үшін қажетті маңызды білім алады. Оқыту қаржы басқару дағдыларын үйретіп, әрбір кезеңде қолдау көрсету арқылы іске асырылады, – делінген хабарламада.
Оқыту 11-15 қараша аралығында сағат 9:00-ден бастап өтеді. Павлодарда қатысушыларды Қайырбаева көшесі, 32 мекенжайы бойынша конференц-залында, Ақтоғай ауданында Ақжол ауылы, Драганов көшесі, 2 мекенжайындағы мәдениет үйінде, Баянауыл ауданында Құндыкөл ауылындағы мәдениет үйінде, Ақсу қаласында Астана көшесі, 44 – қалалық кітапханада күтеді.