Павлодарлықтардың қандай тауарларға сұранысы жоғары?
Бөлшек сауда көлемі қаңтар-қазан айлары ішінде 564,2 миллиард теңгені құрады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық статистика департаменті өңірдегі бөлшек сауданың тоғыз ай ішіндегі мәліметтерімен бөлісті.
Бөлшек сауда көлемі 2023 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 10,7 пайызға жоғары. Саудамен айналысатын кәсіпорындармен тауарларды бөлшек саудада өткізу 389,9 миллиард теңгені құрады немесе былтырғы жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 2,6 пайызға жоғары.
Азық-түлік тауарларының бөлшек сауда жалпы көлеміндегі үлесі 32,4 пайызды құраса, азық-түлік емес тауарлар 67,6 пайызды құрайды.
Сату көлемінің ең көп өсімі азық-түлік емес тауарлар бойынша, атап айтқанда, дизель отыны, автомобиль, компьютерлік және тұрмыстық техника, құрылыс материалдарын іске асыратын кәсіпорындарда байқалады.
1 қарашаға есеп берген сауда кәсіпорындары бойынша тауар қорларының көлемі бөлшек саудада 50,9 миллиард теңгені, сауда күндерінде 53 күнді құрады.
2024 жылғы қаңтар-қазандағы облыстың бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі едәуір жоғары үлес салмағы Павлодар қаласы –63,3%, Екібастұз қаласы – 19,3%, Ақсу қаласына– 6,3% келеді.