Павлодар облысында аптаның соңына дейін жаңбыр жауады
Тұман мен бұршақ түсуі мүмкін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қазгидромет» РМК-ның хабарлауынша, 11 қыркүйекте ауа температурасы +21...+26 °С дейін көтеріледі.
12 қыркүйек күні облыстың солтүстік бөлігінде қатты жаңбыр жауып, бұршақ түседі. Түнде +10...+15°С, ал күндіз +13...+18°С болады. Желдің жылдамдығы оңтүстік-батыста секундына 9-14 метрге, облыстың батысында және оңтүстігінде 15-20 метрге, ал шығысында желдің екпіні 23-28 метрге дейін жетеді.
13 қыркүйек күні жаңбыр жауып, облыстың батысында және оңтүстігінде найзағай күркіреп, бұршақ түсуі ықтимал. Ауа температурасы түнде +5...+10°С, ал күндіз +10...+15°С болады.
14 қыркүйекте аздаған жаңбыр күтіледі. Сынап бағанасы түнде +5...+10°С дейін төмендеп, күндіз +12...+17°С дейін көтеріледі.
15 қыркүйек күні облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында тұманды болады. Ауа температурасы түнде +3...+8°С-қа дейін түсіп, күндіз +12...+17°С –қа дейін көтеріледі.
Сенбі және жексенбі күндері жаңбыр мен тұман болуы мүмкін. Күндіз ауа температурасы +15...+20°С болады. Желдің жылдамдығы секундына 5-10 метрге дейін жетеді.