28 наурызда Павлодар облысында тұман түседі

28 наурызда Павлодар облысында тұман түседі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жолдарда көктайғақ болуы мүмкін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыста түнде ауа температурасы -3...+2°C, облыстың шығысында -6°C дейін төмендейді. Жауын-шашын болмайды. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Күндіз +6...+11°C дейін жылы болады. Облыстың шығысы мен оңтүстігінде +14°C дейін ауа температурасы көтеріледі. Жауын-шашынсыз. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады.

Желдің жылдамдығы секундына 5–10 метрге дейін жетеді.

Павлодарда түнде -1...+1°C. Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз +8...+10°C.