Павлодарда Ұлттық ұлан сарбаздары алғашқылардың бірі болып дауыс берді
Сарбаздар белсенділік танытуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің мәліметінше, 6679 және 5512 әскери бөлімдерінің барлық жеке құрамы таңертең алғашқылардың бірі болып дауыс беруге қатысты. Олар АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдумға аса үлкен жауапкершілікпен қатысуда. Сарбаздар сайлауға алғаш рет қатысып отыр, өйткені олардың жасы 18-19-да.
Айта кетсек, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы бойынша барлығы 6 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Оған мерзімді қызметтің әскери қызметшілері ғана емес, офицерлер мен сержанттар да қатысады.