Асайын Байханов павлодарлықтарды Отан қорғаушылар мерекесімен құттықтады

Асайын Байханов павлодарлықтарды Отан қорғаушылар мерекесімен құттықтады
фото: Валерий Бугаев

Павлодар облысының әкімі еліміздің мүддесі мен қауіпсіздігін қорғап жүргендердің барлығына алғысын білдірді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.Аймақ басшысы өз Отанын қорғаудан жоғары кәсіп жоқ екенін атап өтті. Бүгін Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына 33 жыл толуда. Осы уақыт ішінде әскери күш мемлекет тәуелсіздігінің сенімді тірегіне айналды.

– Бүгін біз өз өмірін қиын әскери қызметке арнаған, мемлекетіміздің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын лайықты түрде қамтамасыз еткендерді құрметтейміз. Сондықтан еліміздің мүддесі мен қауіпсіздігін қорғауды жалғастырып жатқан барша ер-азаматтарға алғысымды білдіремін, – деді Асайын Байханов.

Облыс әкімі батылдық мерекесінде еліміздің келешегі үшін атқарып жатқан игі істерге табыс, амандық, бақыт пен бейбіт өмір тіледі.