Павлодарлық өнерпаздар құрмет атақтарына ие болды
Өңір әртістері ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен марапатталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыс бойынша көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» және «Үлгілі» атақтары берілді.
«Халықтық» атағына баянауылдық «Майқайың сазы» фольклорлық ансамблі және павлодарлық Естай атындағы мәдениет сарайының үрмелі аспаптар оркестрі, «Ертіс әуендері» ардагерлер хоры, «Ертіс-Баян әуендері» вокалды тобы ие болды.
«Үлгілі» атағы қалалық «Сәулетай» балалар вокалды студиясы, «Мирас» домбыра ансамблі, «Қорлан» жетіген ансамблі және «Жас қанат» эстрадалық студиясына берілді.
Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы өңірдің көркемөнерпаздар ұжымдарын алған атақтарымен құттықтады.