Павлодарда пәтер жөндеу шебері ретінде өзін таныстырған алаяқ ұсталды

Павлодарда пәтер жөндеу шебері ретінде өзін таныстырған алаяқ ұсталды
Фото:pixabay.com

Ол барлық қаражатты өзіне жұмсап жүрген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодарлықтар арасында пәтер жөндеу саласындағы алаяқтыққа тап болу жағдайлары көбейіп келеді. Жауапсыз  мердігерлер сапалы қызмет уәде етіп, көбінесе алдын ала төлемді алып, жоғалып кетеді немесе жұмысты сапасыз әрі мерзімінен кеш орындайды.

Мәселен, Жалған жөндеуші павлодарлықты алдын ала төлем алып алдаған. Ол облыс орталығының тұрғынына сапалы жөндеу жұмыстарын  жасап беремін деп уәде еткен. Алайда ақшаны алып, байланысқа шықпаған. Ұсталғаннан кейін барлық ақшаны өз қажетіне жұмсағаны анықталды.

– Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Полиция оның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын жоққа шығармайды. Айта кету керек, биылғы жылы облысымызда әлеуметтік желілер арқылы жасалған 1652 қылмыс тіркелген, – деп хабарлады облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінде.

Полиция азаматтарға ескертеді: алаяқтар көбіне төмен баға және «барлығы қамтылған» деген уәдемен қызықтырады. Егер баға тым арзан болып көрінсе, ойлану керек. Сақ болыңыздар, тек тексерілген компаниялармен және жеке тұлғалармен ғана жұмыс жасаңыздар.