Екібастұзға келген: Павлодарда әйел адам жоғалып кетті
Қырмызы Сарбасова ешбір камераға түспеген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Vita ұйымына жас әйелдің жоғалып кеткені туралы хабар түскен.
– Ол 28 наурызда таңғы сағат 5-те әкесінің үйінен белгісіз бағытта шығып кеткен. Бірнеше күн бұрын Екібастұз қаласына Павлодар қаласынан келген. Уақытты жоғалтпай, бірден шығып кеткен мекенжайға келіп, іздеуге кірісті. Еріктілер оның туыстарымен сөйлесіп, дүкен камераларын қарады, – дейді ұйымда.
Алайда ол ешбір камераға түспеген.
Егер Қырмызы Сарбасованы көрген немесе оның орналасқан жерін білетін адамдар болса, еріктілердің келесі нөмірлері бойынша хабарлауды сұрайды: +7 (778) 295 97 55 Самал (Екібастұз қаласының іздеу үйлестірушісі), +7 (747) 615 55 63 Катерина (ватсап)