Павлодарлықтарды құмнан сурет салуға шақырады
Тегін шеберлік сағатқа кез-келген адам келе алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада құм графикасынан шеберлік сабақ өтеді.
– Құммен сурет салу - фантазияны дамытуға, ішкі дүниеңізді ашуға мүмкіндік беретін өте қызықты және демалатын процесс. Құм - өзіне тартатын сусымалы материал болғандықтан балаларды да, ересектерді де тартады, – дейді кітапханада.
Шеберлік сағатты Қазақстанның халықаралық акварель қоғамдастығының көшбасшысы және «Немалевичи» акварель шеберханасының басшысы – Светлана Кравченко өткізеді.
Шара «ARTstudio» жобасының аясында 17 қаңтарда сағат 15:00-де өтеді.