Павлодарлық жас баяншы Қырғызстаннан бас жүлдемен оралды
Бішкек қаласында «Обон» III халықаралық музыкалық байқауы өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Аталмыш іс-шараға Қазақстан, Өзбекстан, Түркия, Қырғызстанның астанасы мен өңірлерінен келген жас талантты оқушылар қатысты. Жас орындаушылар мен музыканттар фортепиано, ішекті, үрмелі және ұлттық аспаптар бағыттары бойынша өздерінің шеберліктерін көрсетті.
Бұл байқауда біздің еліміз бен Павлодар облысын «Орыс халық аспаптары» бөлімінің музыкалық колледж студенті Кирилл Мякота таныстырды. Ертіс өңірінің келешегінен зор үміт күттіретін баяншысы байқаудың бас жүлдесін жеңіп алды.
Сондай-ақ, өз елінің композиторларының шығармаларын үздік орындағаны үшін Құрмет грамотасымен марапатталды.