«Референдум – 2026» : Елімізде онлайн телемарафон өтуде

«Референдум – 2026» : Елімізде онлайн телемарафон өтуде
Фото: Ұйымдастырушылардан

Шара түнгі 01:00-ге дейін жалғасады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы республикалық референдум аясында - «Референдум – 2026» атты онлайн марафон ұйымдастыруда. 

Таңғы 09:00-де басталған онлайн марафон 01:00-ге дейін жалғасады. 16 сағатқа созылатын шара барысында қоғамдағы өзекті тақырыптар талқыланып, ел дамуына қатысты бастамалар мен инновациялық жобалар таныстырылады. Шара шымылдығын 100 домбырашыны «Балбырауын» күйімен ашты, - делінген хабарламада.

Іс-шара барысында тұңғыш рет отандық өнертапқыштар жасаған роботтар марафон жүргізушілеріне көмектеседі, сондай-ақ голограмма технологиясы арқылы еліміздің жетістіктер тізбегі ұсынылады.

Марафон аясында Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясының пресс-орталығы сайлау учаскелерінің ашылуы, дауыс берудің басталуы және дауыс беру процесі туралы ресми ақпараты тұрақты түрде жарияланып отырады.

«Референдум – 2026» онлайн марафоны қоғамдағы маңызды тақырыптарды кеңінен талқылауға, пікір алмасуға және еліміздегі инновациялық жобаларды таныстыруға арналған ірі ақпараттық алаңға айналып отыр.