Ресейліктер қызыққан: Павлодарлық ұстаз ҚР заңдарын оңай үйрететін жоба ұсынды
Ахмет Байтұрсынов атындағы инновациялық мектептің мұғалімі @Pavlodarnews.kz тілшісімен өз жобасының даму кезеңдерімен бөлісті.
Бұл идеяның ерекшелігі – Қазақстанның негізгі Заңын мультимедиялық форматта күрделі мақалаларсыз зерделеу. Өнертапқыш өзінің жаңалығын «PRO100 Конституциясы» деп атады. Бұл әдесітемелік құрал оқу барысында ешқандай қиындық туындырмайды.
Әдістемелік нұсқаулықты директордың орынбасары, тарих пәнінің мұғалімі Әсет Серікбаев 2019 жылы әзірлеген. Сол жылдан бастап осы жоба бойынша сабақтар жүргізілуде. Бағдарлама дискіде, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған, жыл сайын жаңартылып отырады және интерактивті тақта арқылы оқуға болады.
Айтпақшы, оқулық негізгі оқу жоспарында жоқ.
– Алғаш рет Тереңкөлдегі ауылдық мектепте бесінші сыныптарға енгізіп көрдім. Содан кейін лицейдің жоғары сыныптарында осы әдістемелік құрал бойынша сабақ бере бастадым. Қазір қысқа үзіліс алдым, бір жылдан кейін жобаны қайта қосамын, – дейді жоба авторы.
Әсет Серікбаев оқулығына патент алған. Бұл жоба Оқу-ағарту министрлігіне де ұнап, жас мұғалімдердің республикалық форумына шақыру алған. Сонымен қатар, ол бірнеше рет түрлі байқауларға қатысқан.
– Дарынды балаларға арналған мектеп мұғалімдері арасындағы облыстық олимпиадада бақ сынап көрдім. Сол жерде оқулығымды ұсынып, Бас жүлдені жеңіп алдым. Одан кейінгі республикалық олимпиадаға қатысып, екінші орынға ие болдым. 2021 жылы «Жыл мұғалімі» байқауының қалалық кезеңіне қатысып, Бас жүлдені жеңіп алдым. Сыйлық ретінде жүз мың теңге берілді, – дейді мұғалім.
Әсет Серікбаевтың бастапқы идеясы өзіне қосымша жұмыс табу болған.
– Бұл ой маған қалай келді? Мектепке алғаш рет жұмысқа келгенде өзіме қандай қосымша жұмыс тапсам болады екен, сабақ беруден басқа не істей аламын деп ойладым. Интернетте отырып, АҚШ-тың ең көне Конституцияларының бірі туралы мақалаға тап болдым. Мен Штаттарда барлығы заңдарды қалай жақсы білетінін және оларды қалай бағалайтынын байқадым, – деді мұғалім.
Бұдан кейін ол Қазақстан Республикасы азаматтарына еліміздің Ата Заңын жетік меңгерту туралы ойлай бастайды. Дегенмен біраз уақыт өз зерттеулерінің нәтижесіне көңілі толмайды.
– Осылайша «Менің айналам еліміздің Конституциясы туралы не біледі?» деген тақырыпқа сауалнама жүргізе бастадым. Ата-аналардан, балалардан, аға-әпкелерден сұрадым. Көп адамның заңға қызықпайтынын аңғардым. Көпшілік Конституцияның қабылданған күнін біліп, жылын шатастырады. Сондықтан адамдарға Конституция туралы ақпаратты қарапайым және қызықты форматта беру деген идея келді, – деп еске алды жас ұстаз.
Ұстаздың өзі жобаның басты ерекшелігі қарапайымдылығында екенін айтады.
– Негізгі ой неде? Заңдарды оңай түсіндіру. Яғни, жобада түпнұсқадағыдай күрделі мақалалар жоқ. Барлығы қарапайым тілмен, мультимедиялық, ойнақы түрде жазылған. Анимациялар бар. Мен мектеп оқушыларын еліміздің Конституциясын оқуға қызықтыруға тырыстым, – дейді Әсет.
Бұл әдістемелік құралға 2020 жылы Бердск қаласында өткен «Қазақстан – Ресей» конференциясынан кейін ресейліктер те қызығушылық танытқан.
– Ол жерде интерактивті оқулықтарды жасаудағы тәжірибеммен бөлісіп, «PRO100 Конституциямды» көрсеттім. Ресей тарихшылары да қызыға түсті. Олар маған хабарласып, өз Конституциясына сәйкес осындай жеңіл аналогын жасағысы келген. Мен оларға не және қалай істеу керектігін көрсетіп, бірнеше кеңес бердім. Алайда оны шығарды ма, жоқ па екенін білмейін, – дейді бағдарлама авторы.
Айта кетерлігі, Әсет Серікбаев – мұғалімдерге сабаққа дайындалу процесін жеңілдететін чат-бот әзірлеушісі. Бағдарлама тегін, жарнамасыз, Telegram-да арнайы қолжетімділікпен орналастырылған. Кез келген жастағы мұғалімдер пайдалана алады. Бүгінде жас ұстаз чат-бот жұмысын дамытуды жоспарлап отыр.
Фото: Константин Шелков
Әсия Серікова