Павлодар облысында тұрғындарға үйден шықпау ұсынылды

Павлодар облысында тұрғындарға үйден шықпау ұсынылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қолайсыз ауа райына байланысты өңір тұрғындарына сақтық шараларын күшейту туралы ескерту жасалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Мамандар мүмкіндігінше алыс жолға шықпауға және аса қажеттілік болмаса үйден шықпауға кеңес береді.

Сондай-ақ тұрғындарға жол қозғалысы кезінде барынша мұқият болып, жеке қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігі ескертілді. Қолайсыз ауа райы кезінде түрлі төтенше жағдайлар туындауы мүмкін болғандықтан, сақтық таныту маңызды.

Қиын жағдайға тап болған немесе көмек қажет болған жағдайда келесі байланыс нөмірлеріне хабарласуға болады:

Қала әкімдіктері:

  • Екібастұз қаласының әкімдігі: +7 (775) 710 0291;
  • Ақсу қаласының әкімдігі: +7 (771) 853 63 66;
  • Павлодар қаласының әкімдігі: +7 (7182) 32 23 86.

Төтенше жағдайлар қызметі: 101, 112.

Сондай-ақ жедел қызметтердің байланыс нөмірлері:

  • 103 – жедел медициналық көмек;
  • 102 – полиция.

Тұрғындарға ресми ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдары мен әкімдіктердің ресми парақшаларынан бақылап отыру ұсынылады.