Елімізде егін жинау науқаны өткен жылдан екі есе жылдам жүріп жатыр

Елімізде егін жинау науқаны өткен жылдан екі есе жылдам жүріп жатыр
Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында Үкімет егін жинау науқанының тұрақты өтуін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz ҚР Премьер-министрінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі жүргізіліп жатқан шаралар  өнімділіктің артып, салада қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін көрсетеді.

Мұндағы соңғы жылдардағы негізгі құрал агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдауға деген көзқарасты өзгерту болды, салада жекелеген іс-шараларды қаржыландырудан бастап бүкіл өндірістік циклды кешенді түрде қамтамасыз етуге назар аударылды.

Жаппай егін жинау науқаны еліміздің барлық негізгі аграрлық аймақтарында 2026 жылдың 15 тамызында басталды.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, бүгінгі таңда 2,6 млн гектардан дәнді дақылдар жиналды. Салыстыру үшін айтсақ, өткен жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 1,3 млн гектар болған еді.

17 тамыздағы мәлімет бойынша орташа өнімділік гектарынан 14,6 центнерді құрады. Ауыл шаруашылығы дақылдарының негізгі түрлері бойынша оң динамика байқалады.

Әртараптандыру шеңберінде бидайдың егістік алқаптары 875 мың гектарға қысқартылды. Соған қарамастан жалпы өнім көлемі өсіп келеді. Бұл әр гектардан алынатын өнімнің артып, қолданыстағы егістік алқаптардың тиімдірек пайдаланылып отырғанын көрсетеді.

Басқа да негізгі дақылдар бойынша бүгінгі таңда 513 мың тонна картоп, 1,1 млн тонна көкөніс және 1,6 млн тонна бақша дақылдары жиналды.

Қол жеткізілген көрсеткіштер аграрлық секторды мемлекеттік қолдауды дәйекті түрде күшейтудің нәтижесі болып отыр.

Үш жыл ішінде АӨК-ті қаржыландыру көлемі 2023 жылғы 140 млрд теңгеден 2025 жылы 1 трлн теңгеге дейін өсті.

Бұл ретте өндірістік циклдің алғашқы кезеңдерінде қаржы ресурстарына қолжетімділікті арттыруға ерекше көңіл бөлініп отыр.  

Диқандар дала жұмыстарын алдын ала жоспарлауға және тұқым, тыңайтқыш, өсімдіктерді қорғау құралдары, жанар-жағармай мен техника сынды қажетті ресурстарды уақтылы сатып алуға мүмкіндік алды. Бұл егіс науқанын оңтайлы агротехникалық мерзімде жүргізуге және қажетті технологиялық операциялардың орындалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Бүгінгі таңда технологияны сақтау саланың өнімділігін арттырудың негізгі резервтерінің біріне айналуда.

Соңғы екі жылда минералды тыңайтқыштарды қолдану көлемі үш есеге, яғни 1,8 млн тоннаға дейін ұлғайды. Осы жылы көрсеткішті 2,3 млн тоннаға дейін жеткізу жоспарлануда.

Бүгінде 2 млн тонна тыңайтқыш жеткізуге шарттар жасалды, оның 1,9 млн тоннасы немесе жылдық жоспардың 83%-ы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жөнелтілді.

Тұқым қорының сапасын арттыру бойынша жұмыстар да жалғасуда. Элиталық тұқымдарды пайдалану үлесі 2023 жылғы 7,1%-дан қазіргі уақытта 11,6%-ға дейін өсті.

Ақпаратты толық оқу үшін мына сілтемеге өтіңіз.