Сайлау күні Павлодар қаласында да егіздер дүниеге келді
Егіз қыздардың денсаулықтары жақсы, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Наурыздың 19-ы Павлодар облысының ауруханаларында 30 сәби дүниеге келген. Олардың басым бөлігі- қыздар.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Павлодар қаласының №1 ауруханасында егіздер дүниеге келген. Қыздардың салмағы – 2 114 және 2 230 грамм болды.
Сайлау күні дүние есігін ашқан сәбилердің ең ірісі- қыз бала, оның салмағы - 4 740 грамм, ал бойы 63 сантиметр. Ең кішкентай сәби де - қыз. Оның салмағы- 1 913 грамм, ал бойы 47 сантиметр.
Естеріңізге салайық, сайлау қарсаңында Железин ауданында соңғы төрт жылда алғашқы егіз дүниеге келген болатын.