Сенбі күні Павлодар облысында -24 градус аяз болады
Түнде және күндіз аздаған қар жауады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші секундына 5-10 метрді құрайды. Ауа температурасы түнде -22...-24, күндіз -14-...16 градус аяз болады.
Қазақстанның бүкіл аумағы бойынша ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, қар жауады. Республика бойынша тұман, батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста көктайғақ күтіледі.
Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді, тек түнде ауа температурасы шығыста 17-25, оңтүстік-шығыста 10-25 градусқа дейін төмендейді.