Павлодар облысы әкімінің қабылдауына қалай жазылуға болады?

Павлодар облысы әкімінің қабылдауына қалай жазылуға болады?
Фото: Валерий Бугаев

Асайын Байханов кезекті тікелей эфирді жүргізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Өңір басшысы «Instagram» парақшасында облыс тұрғындарының сауалдарына жауап берді. Әлеуметтік желі қолданушылары онымен кездесуге қалай жазылуға болатынын сұрады. Асайын Байханов WhatsApp сенім телефонының нөмірі жеке парақшасында жарияланғанын түсіндірді.

– Ең дұрысы – желіге жазып, алдын ала жазылу. Мен кеше ғана адамдарды қабылдадым. Сондықтан WhatsApp арқылы жазылуларыңызды сұраймын, деді облыс әкімі.

WhatsApp сенім телефонының +7(702)166-16-61.

Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы керек. Өтініш берушілердің көп болуына байланысты қабылдау кезек тәртібімен жүргізіледі.