Шарбақтыда тұрғын үйдегі өрттен ер адам құтқарылды
Жалын 30 шаршы метр аумақты шарпыған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Өрт 7 қараша күні болған. «101» пультіне Шарбақты ауылындағы жеке тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер 1983 жылы туған ер адамды құтқарып, оны қауіпсіз жерге шығарып, оны жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды. Кейін бірден үйдің шатырындағы ағаш құрылымдарды сөндіруге кірісті. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт 30 шаршы метр аумақты шарпыған.
Өрттің шығу себебі анықталуда.
Төтеншеліктер өңір тұрғындарына жылыту құрылғыларын қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Сондай-ақ пешпен жылыту жүйесі мен электр сымдарының жарамдылығын үнемі тексеріп, электр желісіне шамадан тыс жүктеме түсірмеу қажет.