Железин ауданында Үндістанның үш азаматына қатысты сот қаулысы шықты

Железин ауданында Үндістанның үш азаматына қатысты сот қаулысы шықты
Фото: Константин Шелков

Шекарадан заңсыз өткен: Железин ауданында Үндістанның үш азаматына қатысты қаулы шықты

Олар Ресейге өтпекші болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Железин аудандық сотында Қазақстан Республикасының аумағынан заңсыз өту фактісі   бойынша Үндістан азаматтарына қатысты үш әкімшілік құқықбұзушылық  іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, биыл қыркүйектің басында Үндістанның үш азаматы белгіленген өткізу пунктерін айналып, Қазақстан Республикасынан  Ресей Федерацияға  өту мақсатында мемлекеттік шекараны қасақана заңсыз өтуге тырысқан.      

Сот отырысында Үндістан азаматтары кінәсін толығымен мойындап, Қазақстанға Біріккен Араб Әмірліктерінен келгенін, кейіннен Еуропаға баруды көздегенін жеткізді. 

– Сот қаулысымен үш Үндістан азаматы  ӘҚБтК-нің 514-бабының 2-бөлігі бойынша құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, Қазақстан Республикасының шегiнен әкімшілік жолмен шығарып жiберу жазасы тағайындалды,–деді Железин аудандық сотының баспасөз қызметінде.

Қаулы заңды күшіне енді.