Шетелдегі Наурыз: Гонконгтағы қазақтар ұлттық мерекені тойлады

Шетелдегі Наурыз: Гонконгтағы қазақтар ұлттық мерекені тойлады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бас консулдықтың қатысуымен гонконгтық «PolyU» университетінде Қазақстан Республикасы азаматтары, студенттер мен шетелдік азаматтардың қатысуымен «Наурыз» мерекесі атап өтілді, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Іс-шараның ашылуында Қазақстан Республикасының ҚХР Гонконг қаласындағы Бас консулы Бауыржан Досманбетов Наурыз мерекесінің ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан дәстүріміз бен ұлттық бірегейлігіміздің белгісі екенін атап өтті.

Биылғы жылы татулығымызды одан әрі нығайтып, осындай шаралар арқылы халқымыздың ежелгі салт-дәстүрлері мен мәдени мұрасын дәріптеуге қолдау білдірді.

Өз кезегінде, қонақтардың қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, ұлттық ойындар мен түрлі жарыстар өткізілді. 

Мерекеге қатысушылар қазақ халқының ежелгі мәдениеті мен Наурыз мерекесінің тарихымен танысты.

Қазақстандық студенттердің орындауындағы қойылымдар мен ұлттық күйлер, билерді тамашалады.

Кеш соңында шетелдік азаматтарға қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылды.

Бұдан бұрын Қазан Федералдық университетінің қолдауымен көктем мен жаңаруды тойлау – Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өткенін жазған едік.