Париж аптап ыстықтан көз жұмғандар санымен Еуропадағы қалалар рейтингінде көш бастады
Париж аптап ыстықтан қайтыс болған қарттар өлімі бойынша Еуропа қалаларының рейтингінде көш бастады. Бұған The Lancet Planetary Health жариялаған зерттеу деректері дәлел, деп хабарлайды ҚазАқпарат Aнадолы ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Зерттеу 2000-2009 жылдар аралығында Еуропаның 30 еліндегі 854 қалада жүргізілген.
Зерттеуге сәйкес, Еуропада жыл сайын суықтың әсерінен 203 620 адам, ал ыстықтан 20 173 адам көз жұмған. Ыстық ауа райы адамдардың, әсіресе қарттардың денсаулығына кері әсерін тигізеді.
Өз кезегінде, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) 2022 жылы ыстық ауа райының салдарынан Еуропада жалпы алғанда кем дегенде 15 мың адам қайтыс болғанын хабарлады.