Өзбекстанда үшінші жыл қатарынан газ өндірісі төмендеп барады
Биыл алғашқы тоқсанда Өзбекстанда 9,6 млрд текше метр газ өндірілді, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл 1,7 миллиард текше метрге аз, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі.
Сонымен қатар 2024 жылдың бірінші тоқсанында елде 179,1 мың тонна мұндай өндірілсе, биыл ол 157,3 мың тоннаға дейін азайды. Бұл ретте Өзбекстанда жанар-жағармай өндірісі 304,3 мың тоннадан 313,2 мың тоннаға дейін өсті, ал дизель 182 мың тоннадан 280,9 мың тоннаға дейін ұлғайды.
Өндірістің құлдырауына байланысты көршілес мемлекет қаңтар-наурыз аралығында газ импортын 2,2 есе арттырып, Ресей мен Түрікменстаннан 360,5 миллион долларға көгілдір отын сатып алды. Ал аталған ресурстың Қытайға эскпорты 36,7 миллион долларға дейін қысқарды.