Сыйлық қоры – 400 мың теңге: Павлодарда көңілді және тапқырлар сайысады
«Ертіс-Премьер» ашық КВН лигасының чемпионатына жеті команда қатысады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Финалдық ойын 10 қараша күні сағат 18.00-де Естай атындағы мәдениет сарайында өтеді.
Бұл қызықты ойынға кемеңгерлік «Агронавты», теміртаулық «Неформат», «Молодежная сборная Темиртау» және «Троян», өскемендік «Без потолка», Павлодар өңірінің «Cash-Ю» және қалалық «Команда имени Серика Мусалимова» командалары қатысады.
Финалдың сыйлық қоры – 400 000 теңге.
Кіру тегін.