Павлодарда оқушылардың сәндік қолданбалы өнер туындылары көрмеге қойылады

Павлодарда оқушылардың сәндік қолданбалы өнер туындылары көрмеге қойылады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Барлық жұмыстар Наурыз тақырыбына арналады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

16 наурызда сағат 11:00-де Н. Нұрмұхаммедов атындағы облыстық көркемсурет музейінде көрме ашылады. Экспозицияда Павлодар қаласының балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубы мен Ақсу қаласындағы өнер мектебі оқушыларының 80-ге жуық сәндік-қолданбалы өнер туындысы ұсынылады.

– Балалар шығармалары алуан түрлілігімен ерекшеленеді: Қазақстан халқының дәстүрлерін бейнелейтін пейзаждар, композициялар, қазақтың ұлттық нақыштары бар натюрморттар, ойындар, билер. Жұмыстар-дәстүрлі және дәстүрлі емес: акрил кескіндемесі, киіз басу, ыстық батик, киіз, құрғақ және дымқыл киіз басу, авторлық техника әдістерінде орындалған, – деді музейде. 

Көрме вернисажы аяқталғаннан кейін шеберлік-сыныптар топтамасы өтеді. Музейде Қазан қаласынан келетін суретші Руслан Ибрагимов Павлодардың шығармашыл жастарына арналған акварель бойынша шеберлік сабағын өткізеді. Сондай-ақ, көркемсурет мектебінің тәрбиеленушілеріне киіз басу және керамика өнері бойынша шеберлік сабақтары ұйымдастырылады.  

Көрме айдың соңына дейін жалғасады.