Көңілділер мен тапқырлар Павлодарда бас қосады

Күлкі додасында сегіз өңірдің үздік командалары бақ сынайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
22 мамыр күні сағат 18:00-де Торайғыров университетінің акт залында Жайдарманның 1/4 финалдық кезеңі өтеді. Көңілділер мен тапқырлар сахнада қайта бас қосып, көрерменге шаттық пен шабыт сыйламақ.
Бұл кезеңге Астана, Алматы, Қарағанды, Семей, Өскемен, Қостанай, Петропавл және Павлодар өңірлерінің үздік командалары жиналады.
Кімнің жарқырап шығатыны – сахнада белгілі болады. Күлкі, шапалақ және керемет көңіл-күй – кештің басты бөлігі болмақ.