Соттарда мемлекеттік баж төлеуден босатылатын қазақстандықтар санаты анықталды

Соттарда мемлекеттік баж төлеуден босатылатын қазақстандықтар санаты анықталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Егер жеңілдікке құқығы бар тұлға бажды төлеп қойса, оны төленген күннен бастап үш жыл ішінде қайтарып алуға болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұл жеңілдіктер Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 616-бабының 13-тармақшасына сәйкес қарастырылған. 

Мемлекеттік бажды төлеуден Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша оларға теңестірілген ардагерлер, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, сондай-ақ КСР Одағының ордендері мен медальдарымен марапатталған адамдар босатылады. Бұған қоса, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін марапат алғандар немесе 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген, бірақ марапатталмаған адамдар да кіреді.

Сонымен қатар мүгедектігі бар адамдар, бала жасынан мүгедектігі бар адамның немесе мүгедектігі бар баланың ата-анасының бірі де мемлекеттік баждан босатылады. Егер осы санаттағы тұлға бажды төлеп қойған болса, Салық кодексінің 108-бабының 6-тармағына сәйкес, соманы үш жыл ішінде қайтарып алуға құқылы.