Қазақстанның ЖІӨ өсімі қаңтар-сәуір айларында 3,6%-ға дейін өсті

Қазақстанның ЖІӨ өсімі қаңтар-сәуір айларында 3,6%-ға дейін өсті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ал өңдеу секторы 10%-ға жуық өсті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректері бойынша, өнеркәсіптік өндірістің нақты көлем индексі – 102,1%.

Өнеркәсіпті қалпына келтірудің негізгі факторы өңдеу секторының жеделдеуі болды, онда өндіріс 9,9%-ға өсті.

Машина жасау бойынша өсім 23,3%- ға жетті. Мұнда көлік құралдарын, ауыл шаруашылығы және теміржол техникасын, электр тауары мен жабдығын шығару көлемін ұлғайту есебінен сақталады.

Ал жеңіл өнеркәсіп 2,3 есе өскені байқалады. Әсіресе, жиһаз өндірісі – 41,7%-ға, фармацевтика – 35,2%-ға, құрылыс материалдары – 27,7%-ға, химия өнеркәсібі – 18,4%-ға, азық-түлік өндірісі 14,4%-ға өсті.

Жалпы, жыл басынан бергі төрт айдағы экономиканың оң динамикасы базалық салалардағы тұрақты өсім есебінен қамтамасыз етілді.

Ең жоғары өсім қарқыны құрылыс-114,5%, көлік және қоймалау – 112%, өңдеу - 109,9%,

сауда – 105,1%, ауыл шаруашылығы 103,6% салаларында тіркелді.

Осылайша, ЖІӨ-нің нақты өсімінің қазіргі құрылымы шикізаттық емес сектордың, атап айтқанда, құрылыс, көлік, сауда және өңдеу өнеркәсібінің рөлін күшейтумен сипатталады.