Су тасқыны: Павлодар облысында республикалық жол қалыпқа келтірілді

Су тасқыны: Павлодар облысында республикалық жол қалыпқа келтірілді
Фото: Валерий Бугаев

Көліктерге қозғалыс ашылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыс әкімі Асайын Байханов ТЖД басшылығымен бірге тәулік бойы су тасқынына қарсы күрес жүргізіліп жатқан өңірдің барлық үш ауылына барды. Ертіс ауданының Ағашорын ауылында еріген қар суының ағысын бұру жұмыстары жүргізілді. Судың деңгейі 35 см-ге төмендеді, бұл су басу қаупін толығымен жоюға мүмкіндік берді.

Ертіс ауданының Ұзынсу ауылында да жағдай қалыпқа келтірілді. Бүгін республикалық «Атамекен-Ертіс-Русская поляна» жолының қазылған учаскесі қалпына келтіріліп, көліктерге қозғалыс ашылды.

Ұш шұңқыр қазылып жатқан Ақтоғай ауданының Жалаулы ауылында жұмыстар әлі жалғасуда.  Облыс жолдарындағы барлық ағыстар жойылды.

– Әлеуметтік қорғау басқармасына су тасқынынан зардап шеккендердің барлығына біржолғы мемлекеттік әлеуметтік көмек көрсетудің жеделдігін бақылауды тапсырдым. Бюджеттен тыс қаражат есебінен 71 отбасына келтірілген залал өтелді, – деп жазды Асайын Байханов Іnstagram парақшасында.

Аймақ басшысы суу тасқынына қарсы іс-шараларға қатысып жатқандардың барлығына, ТЖД қызметкерлеріне, жергілікті атқарушы органдарға, бизнесмендерге, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарына және еріктілерге алғыс айтты.  

Еске сала кетейік, «Атамекен - Ертіс-Русская Поляна» республикалық маңызы бар автомобиль жолының 209 шақырымы - Ертіс ауданы Ұзынсу ауылының маңында автокөлік құралдарының өтуін қамтамасыз ету үшін металл су өткізу құбырларын орнату бойынша жұмыстар жүргізілді.  

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Байханов Асаин (@asaiyn.baikhan)